”Алтын күз” мерекесіне орай “Шабыт” жобасы аясында бастауыш сынып оқушылары арасында “Күзгі дефиле” байқауы өтті. Іс-шара мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру және күз мезгілінің сұлулығын дәріптеу.
Байқауға қатысқан оқушылар түрлі табиғи материалдардан жасалған сәнді киім үлгілерін көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Әр сынып ерекше дайындықпен келіп, өздерінің күзгі стилін жарқын түстермен, жапырақтармен, жеміс-жидек элементтерімен безендірген.
Қазылар алқасы балалардың киім үлгісін, сахнадағы жүріс-тұрысын және шығармашылық идеяларын ескере отырып, жеңімпаздарды анықтады. Байқау соңында барлық қатысушыларға мақтау қағаздары мен естелік сыйлықтар табысталды.
Мерекелік көңіл-күй мен жылы атмосферада өткен бұл шара балалардың есінде ұзақ сақталары
