8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай мектебімізде дәстүрлі «Аяулы жанға арнау» атты түлектердің мерекелік құттықтауы өтті.
Шара барысында түлектеріміз аяулы ұстаздарына жүрекжарды тілектерін арнап, әсем ән айтып, көркем би қойылымдарын ұсынды. Көктемнің шуақты мерекесіне ерекше көңіл күй сыйлаған бұл кеш көрермендердің жүрегіне жылулық ұялатты.
✨ Осындай тамаша мерекелік шара ұйымдастырып, ұстаздарға құрмет көрсеткен түлектерімізге шынайы алғысымызды білдіреміз! Сіздердің ықыластарыңыз бен ізгі ниеттеріңіз – жас ұрпаққа үлгі.
💐 Барша аяулы жандарды көктемнің ең көркем мерекесімен құттықтаймыз!
