9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында 9 «А» сынып оқушылары «Ардагерлерді ардақтайық» атты құттықтау акциясына белсене қатысты.
Оқушылар тыл ардагерлерінің үйлеріне барып, жылы лебіздерін білдіріп қана қоймай, жүрекке жететін мәнерлеп өлең оқып, домбырамен күй тарты. Күмбірлеген домбыра үні кездесуге ерекше рух беріп, ұлттық өнер арқылы ардагерлерге деген құрметті одан әрі айқындай түсті.
Ардагерлер жастардың ықыласына риза болып, ақ баталарын беріп, өткен күндердің естеліктерімен бөлісті. Бұл кездесу ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, жас буынның бойында патриоттық сезімді арттырды.
