«Әрбір тұлға – қоғамның айнасы»

«Әрбір тұлға – қоғамның айнасы». Осы тағылымды тақырып аясында мектебімізде кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор Молдагереев Ануарбек мырзамен мазмұнды кездесу өтті. Жас ұрпақпен жүздесу барысында оқушылар көкейлеріндегі сауалдарын қойып, жемқорлыққа қарсы іс-әрекет, адалдық пен адамгершілік құндылықтары төңірегінде еркін пікір алмасты.

Кездесу оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардың азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған маңызды алаңға айналды. Әрбір айтылған ой – саналы ұрпақ тәрбиесіне қосылған үлес екені анық.

Өткізуші: клуб жетекшісі Казихан Е.К.

Қосымша ақпарат көздері