«Тәуелсіз елдің ұрпағымын » тақырыбында әскери-патриоттық ән байқауы өтті

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күніне орай бастауыш сынып оқушылары арасында «Тәуелсіз елдің ұрпағымын » тақырыбында әскери-патриоттық ән байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиетті дарыту, елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу және әскери-патриоттық әндер арқылы рухани құндылықтарды насихаттау.

Іс-шара барысында оқушылар патриоттық әндерді нақышына келтіре орындап, өз өнерлерін көрсетті. Әр сыныптың дайындығы мен сахналық мәдениеті көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Байқау соңында үздік өнер көрсеткен қатысушылар марапатталып, барлық оқушыларға алғыс білдірілді.

Мұндай тәрбиелік мәні зор шаралар жас ұрпақтың елге деген сүйіспеншілігін арттырып, ұлттық рухын нығайта түседі.

Қосымша ақпарат көздері