7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 5–10 сынып оқушылары арасында «Ел қорғау – менің парызым» атты сапта ән айту байқауы өтті.
Байқаудың негізгі мақсаты – оқушылардың бойына отансүйгіштік сезім қалыптастыру, әскери тәртіпке баулу, ұйымшылдық пен жауапкершілікті арттыру. Іс-шара барысында әр сынып саптық жүріс пен әскери-патриоттық әндерді орындаудан өз шеберліктерін көрсетті.
