2025–2026 оқу жылының аяқталуына арналған дәстүрлі «Мектебім саған — мың алғыс!» атты салтанатты жиын №2 Бадамша орта мектебінде жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ерекше әсерге толы өтті
Биыл мектеп табалдырығынан 30 түлек үлкен өмірге қанат қақты.
Оның ішінде: 1 «Алтын белгі» үміткер және
3 “Үздік аттестат” үміткері — мектеп мақтанышына айналды.
Салтанатты кеш барысында оқу жылы бойы білім мен тәрбие саласында жоғары нәтиже көрсеткен, республикалық және облыстық олимпиадалар мен спорттық жарыстарда топ жарған оқушылардың ата-аналарына мектеп әкімшілігінің алғыс хаттары мен бағалы сыйлықтары табысталды.
Сонымен қатар, мектепті 10 және 20 жыл бұрын тәмамдаған түлектер арнайы келіп, жас түлектерге жүрекжарды тілектерін арнап, ұстаздарға ыстық лебіздерін білдірді.
Мектеп қабырғасындағы қызықты сәттер, достыққа толы күндер мен ұмытылмас естеліктер тағы бір оқу жылын тарих бетіне айналдырды.
Бүгінгі жас түлектер — ертеңгі ел болашағы!
✨ Армандары асқақ, қадамдары нық болсын!
✨ Биік белестерді бағындырып, ел мақтанышына айналуларыңызға тілектеспіз!
