1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мектебімізде “Білімді ұрпақ – ел болашағы” атты салтанатты жиын өтті.
Іс-шара барысында 2025–2026 оқу жылы қорытындыланып, оқу озаттары мен облыстық, республикалық олимпиадаларда, түрлі байқауларда, ғылыми жобаларда және спорттық жарыстарда жоғары нәтиже көрсеткен дарынды оқушылар марапатталды.
Салтанатты кеште білім мен өнерде, спорт пен шығармашылықта үздік жетістіктерімен ерекшеленген оқушыларға құрмет көрсетіліп, “Жыл оқушысы – 2026” байқауының жеңімпаздары анықталды. 🏆
Сонымен қатар, дарынды шәкірт тәрбиелеуге үлес қосқан ата-аналарға мектеп директорының атынан Алғыс хаттар табысталды.
Бүгінгі жас жеткіншектер – еліміздің ертеңгі жарқын болашағы. Оқушыларымызға биік белестер мен толағай табыстар тілейміз!
