2026 жылдың 20 мамыр күні Қарғалы ауданында «Құндылықтарға негізделген оқу мен тәрбие – үйлесімді тұлға қалыптастырудың негізі» тақырыбында облыстық көшпелі семинар ұйымдастырылды.
📌 Семинардың басты мақсаты – оқушылардың үйлесімді тұлға болып қалыптасуындағы рухани-адамгершілік, ұлттық құндылықтардың маңызын насихаттау және сынып жетекшілері, пән мұғалімдері мен ата-аналардың тәрбие беру үдерісіндегі өзара байланысын нығайту.
📚 Семинар аясында:
🔹 құндылықтарға негізделген ашық сабақтар;
🔹 «Еңбегі адал – жас өрен» жобасы;
🔹 «Ұшқыр ой алаңы» пікірталас алаңы;
🔹 «Smart Bala» және «Балалар және театр» әлеуметтік жобаларының таныстырылымдары өтті.
Сонымен қатар, магнит мектептердің ұстаздары «Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында мазмұнды шеберлік сыныптарын ұсынып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
“Өз қоржыныма саламын”атты кері байланыс алаңында қатысушылар семинардан алған әсерлерімен бөлісіп, тиімді тәжірибелерді ортаға салды.
Семинар қорытындысында мұндай тәжірибе алмасу алаңдарының тәрбие жұмысының сапасын арттыруға, үлесімді тұлға қалыптастыруда, мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты күшейтуге үлкен серпін беретіні ерекше атап өтілді.
