“Ғалым да, шахтер де бас иетін, Ұстазым, бар сенің қасиетің”

“Ғалым да, шахтер де бас иетін, Ұстазым, бар сенің қасиетің”, демекші ағымдағы жылдың 14 қараша күні “№2 Бадамша орта мектебі” КММ-де “Даналық мектебі” жобасы аясында “Ұстаз жас ұрпақтың рухани сәулеткері» тақырыбында ардагер ұстаздардың қатысуымен салтанатты жиын өтті. Мақсаты: жас ұрпақтың бойында аға буынға деген құрмет көрсету, еңбегін елеу. Жиын барысында мектеп өрендері әннен шашу төгіп, ардагер ұстаздардың жылы лебізіне бөленді. Мектеп директоры А.Дюсекова Қазақстан Республикасының Оқу — ағарту министрі Ғ.Бейсембаевтың атынан ардагер ұстаздарға Алғыс хат табыстады.Ардагер ұстаздар көтеріңкі көңілде,ілтипатты ықыласпен тарады.

Қосымша ақпарат көздері