Ұрпағың білімді болса, болашағың жарқын

Ұрпағың білімді болса, болашағың жарқын. Ал болашақ бүгінгі жастардың қолында. Бүгінгі жас – ертеңгі елдің тірегі, келешектің келісті келбеті. Сондықтан бәсекеге төтеп беретін білімді, алғыр, бастамашыл жастардың көп болуы ертеңіміздің берекелі, озықтығын дәлелдейді. 20 қараша 2023ж күні «№2 Бадамша орта мектебі»КММ-нің ауыл мектептері оқушыларына арналған «Ауыл олимпиадасының» салтанатты ашылу рәсімі болып өтті.

Олимпиаданың мақсаты — ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарыны мен қабілеттерін анықтау және оларға қолдау білдіру, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды табу, олардың зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануына жағдай жасау. Ашылу салтанатына Қарғалы ауданының білім бөлімінің басшысы Ж.С Дуйсенова , жастар ресурстық орталығының директоры М.С.Жұбан қатысып, қатысушы оқушыларға жылы лебіздерін білдірді. Олимпиадаға қатысушы оқушыларға сәттілік тілейміз!

Қосымша ақпарат көздері