Жеңімпаздарды құтықтаймыз!

Ағымдағы жылдың 25 қаңтар күні аудан әкімі А.Жүсібалиев, 2023-2024 оқу жылында 9-11 класс оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндердің жаратылыстану-математика, қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша өткізілген республикалық олимпиаданың облыстық кезең жүлдегерлерімен және білім беру мекемелерінің басшыларымен кездесті.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пәндер олимпиадасының облыстық кезеңінде көрсеткен жақсы нәтижелері үшін Қарғалы ауданының командасы Ақтөбе облысы бойынша «Үздік олимпиадалық команда» номинациясы бойынша ІII орын иегері атанды.
Кездесу барысында аудан басшысы мектеп директорларына, олимпиада жеңімпаздарына ыстық ықлас құттықтауын жеткізіп, жеңімпаз оқушыларға дипломдар мен медальдар табыстады. Жүлдегерлеріміздің болашағы жарқын, мақсаттары биік, жұлдыздары жоғары болсын! Болашақта биік белестерді бағындыра берулеріне тілектеспіз!

Қосымша ақпарат көздері