«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында 1наурыз -Алғыс айту күніне орай ,ата-аналар педагогикалық қолдау орталығының ұйымдастыруымен «Даналық мектебі» жобасы шеңберінде » Әке, ана және мен» таза ауада отбасылық спорт жарысы өтті. Аталған іс-шараға бастауыш сыныптың 7 отбасысы қатысты. Жарыстың басты мақсаты : Ата-аналар мен оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау , спортқа деген қызығушылығын арттыру. Байқау қорытындысы бойынша:
Бас жүлде — 1 «Ә»сынып ата- аналары ,
І орын -2 «Б» сынып ата- аналары,
ІІ орын -1″А»сынып ата- аналары,
ІІІ орын — 0 «А» және 2 «А» сынып ата- аналары. Барлық қатысушылар мектеп директорының дипломымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жеңістеріңіз құтты болсын!